373

Ақтауда Батыр Жүкембаев атындағы бокс залы ашылды

Ақтау қаласында қазақстандық кәсіпқой боксшы Батыр Жүкембаевтың атына «Батыр 777» атты жаңа бокс залы ашылды.

«Жаңа жыл қуанышты xабармен басталды. Кеше Ақтау қаласында Батыр Жүкембаевтың атындағы «Батыр 777» атты жаңа бокс залы ашылды. Қазіргі таңда спорт кешенінде өңірдің 200-ден аса болашақ чемпионы жаттығуды бастап кетті.

Қазақта бұлақ көрсең көзін аш деген сөз бар ғой. Сол сияқты, біздің мақсат - тасада жүрген жас таланттарды тауып, жаттығу жасауына мүмкіндік жасап, олардың жолын ашу. Сондай-ақ, жастарымызды спортқа, саламатты өмір салтын ұстануға шақыру еді. Жаңа бокс залымыз құтты һәм қайырлы болғай», - деп жазылған боксшының әлеуметтік желісінде.

Естеріңізге сала кетейік, Батыр Жүкембаев кәсіпқой бокста 11 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жетті. Оның 9-ын мерзімінен бұрын аяқтаған.  Ол - жартылай орта салмақта «IBO International» чемпиондық атағының иегері.