151

Алматыда Дәулет Тұрлыхановтың жүлдесіне арналған дәстүрлі турнир өтеді

Наурыздың 30-ы мен сәуірдің 1-і аралығында Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында грек-рим күресінен 2001-2003 жылы туылған жасөспірімдер арасында Дәулет Тұрлыхановтың жүлдесіне арналған дәстүрлі XIX Республикалық турнир өтеді, деп хабарлайды  «SPORTINFORM» САА тілшісі аталған федерацияға сілтеме жасап.

Бұл жарыс «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында UWW ережесіне сәйкес 10 салмақ дәрежесі бойынша өткізіледі: 45, 48, 51, 55, 60, 65, 71, 80, 92 және 110 кг.

Автор: Мұхтар Жәмішжанов