252

Бокстан 2019 жылғы әлем чемпионатының қайда өтетіндігі белгілі болды

Бокстан ерлер арасындағы әлем чемпионаты 2019 жылы қыркүйекте Екатеринбургте (Ресей) өтеді, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі.

Жарыстың негізгі алаңы «Екатеринбург-ЭКСПО» көрме орталығы болатындығы күтілуде. Жекпе-жектер де осындағы бірнеше мың адам сиятын конгресс орталығында өтеді.

Еске сала кетсек, 2013 жылы әлем чемпионатын Алматы қабылдаған еді.  Ал соңғы турнир 2017 жылы Гамбургте (Германия)  өтті.

Автор: Мұхтар Жәмішжанов