235

Еркін күрестен Әлем кубогындағы қазақстандықтардың қарсыластары анықталды

Еркін күрестен АҚШ-та өтетін Әлем кубогында Қазақстан құрамасының өкілдері кімдермен күресетіні белгілі болды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА

Турнирдің алғашқы кезеңінде Қазақстан құрамасы Моңғолия спортшыларымен күш сынасады. Жұптар келесідей:

61 килограмға дейін: Расұл Қалиев - Тувшинтулга Туменбилег.
65 килограмға дейін: Саятбек Оқасов - Батмагнай Бтчулуун.
70 килограмға дейін: Мейіржан Әшіров - Ганбаяр Санджаа.
74 килограмға дейін: Данияр Қайсанов - Манжакхаран Гандзориг.
79 килограмға дейін: Сәкен Айтжанов - Индерку Гантулга.
86 килограмға дейін: Елхан Асадов - Уйтумен Оргодол.
92 килограмға дейін: Ілесхан Чилаев - Туртогх Лувсандорж.
97 килограмға дейін: Мамед Ибрагимов - Батсул Улзисайгхан.
Ал 125 килограмға дейінгі салмақта өнер көрсететін Дәулет Шабанбайдың қарсыласының есімі енді белгілі болады.

Еске сала кетсек, Қазақстан құрамасы Әлем кубогында Моңғолиядан тыс, Әзербайжан және Куба өкілдерімен де күш сынасады. Турнир 7-8 сәуір күндері өтеді.

Автор: Мұхтар Жәмішжанов