8178

Головкин «Бокс үйімен» қоштасты

Батыстың RingNews24.com порталының тілшісі Энтони Кокс қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің  телехабарландыру серіктесі, НВО стримингтік алаңының бокс әлемінен кетуіне байланысты жағдайға байланысты түсініктеме берді.

«Әйгілі боксшы Геннадий Головкин үшін бұрынғы стримингтік алаңының бокс көрсетілімі нарығынан кету шешімі қолайсыздық тудырды.

Бұрын өзін «Бокс үйі» деп атаған телехабарлау желісінің 45 жыл хабар таратқаннан кейін биылғы жылдың қыркүйек айында бокс туралы хабар таратуды тоқтататындығы туралы жариялауы көпшілікті дүрліктірді.  

Бұл жағдай Головкиннің төрешілердің шешімімен 15 қыркүйекте бұл желідегі рематчта Сауль «Канело» Альварестен жеңілгеннен кейін екі апта өткен соң болды. Бұл оқиға Головкиннің телехабарлау қызметімен келісімшарты мерзімінің аяқталуымен тұспа тұс келген», - деп хабарлады тілші. 

Автор: Мұхтар Жәмішжанов