200

«The Ring»: Головкин – P4P рейтингінің көшбасшысы

Беделді журналдардың бірі The Ring салмақтық категориядан тыс әлемнің ең үздік боксшыларының жаңартылған рейтингін ұсынды.

Өзгерістер тек үздіктер үштігінде орын алды. Қазақстандық Геннадий Головкин бірінші орынды сақтап қалды. Екінші орынға Василий Ломаченко, үшінші орынға АҚШ өкілі Теренс Кроуфорд жайғасты.
Толық ТОП-10:
1. Геннадий Головкин (Қазақстан)
2. Василий Ломаченко (Украина)
3. Теренс Кроуфорд (АҚШ)
4. Сауль Альварес (Мексика)
5. Майки Гарсия (АҚШ)
6. Срисакет Сор Рунгвисаи (Тайланд)
7. Наоя Иноуэ (Жапония)
8. Эррол Спенс (АҚШ)
9. Сергей Ковалев (Ресей)
10. Гильермо Ригондо (Куба).

Автор: Мұхтар Жәмішжанов