14292

Головкиннің рингке қашан оралатындығы айтылды

Boxingnews24.com журналисі Шон Джонс қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің алдағы перспективасы туралы пікір бөлісті.

«Леффлердің сөзіне қарағанда, Головкин 2019 жылдың алғашқы жартысында - наурызда немесе сәуірде рингке шығады. Ол әзірге Головкиннің қарсыласы туралы ештеңе айтқан жоқ, дегенмен GGG бапкері Абель Санчес орта салмақта WBA тұжырымы бойынша «тұрақты» әлем чемпионы Роб Брантты айтып отыр. Олардың 2019 жылдың басында осы жігітпен кездеспек ойы бар», - деп жазады Шон Джонс.

Еске сала кетейік, 20 қазанда Роб Брант (24-1, 16 КО) жапон боксшысы Риота Муратаны (14-2, 11 КО) жеңіп, WBA «тұрақты» чемпионы атанған. Головкиннің командасы 2019 жылы Жапонияда Муратамен мегафайт ұйымдастырмақ болған еді. Жапон боксшысының осы жеңілісі олардың ойын өзгерткен.

Автор: Мұхтар Жәмішжанов