251

Головкиннің салмағында титулынан айырылған Сондерсті тағы бір жаза күтіп тұр

 

Допинг сынаманың оң нәтижесіне байланысты WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы британдық боксшы Джо Сондерс (26-0, 12 КО) әлем чемпионы титулынан айырылды.

Бұған қоса Дүниежүзілік бокс ұйымының президенті Пако Валькарсель бұрынғы чемпионды қосымша жазалауға ниеттеніп отыр. Ол WBO атқарушы комитетіне Сондерсті алты айға дисквалификациялауды ұсынды.

Енді WBO иесіз қалған белбеу үшін 20 қазанда Бостонда америкалық боксшы Деметриус Андраде (25-0, 16 КО) намибиялық Уолтер Каутондоквамен (17-0, 16 КО) айқасатын болады.

Автор: Мұхтар Жәмішжанов