343

Қазақстан ФИФА рейтингінде екі сатыға жоғарылады

Халықаралық футбол қауымдастығының ресми сайтында 17 мамыр күні жаңартылған рейтингте футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасы екі сатыға жоғарылап, 117 орынға жайғасты, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА ҚФФ ресми сайтына сілтеме жасап.  

Қазақстан құрамасы соңғы айда ешқандай ойын өткізбеді. Станимир Стойлов командасы наурыз айында Венгрия (3:1) және Болгария (1:2) құрамаларымен жолыққан болатын.

Біздің футболшылардың келесі ойыны 5 маусым күні «Астана Арена» стадионында Әзірбайжан құрамасына қарсы өтеді. Әзірбайжан құрамасы жаңа рейтингте - 126 орында.

ФИФА рейтингі. 17 мамыр:

1 (1). Германия – 1544 ұпай,

2 (2). Бразилия - 1384,

3 (3). Бельгия - 1346,

4 (4). Португалия - 1306,

5 (5). Аргентина - 1254,

6 (6). Швейцария - 1179,

7 (7). Франция - 1166,

8 (8). Испания - 1162,

9 (9). Чили - 1146,

10 (10). Польша - 1128,

...117 (119). Қазақстан - 273.

Автор: Мұхтар Жәмішжанов