1529

Қазақстан қысқы Паралимпиада тарихында тұңғыш рет алтын медаль еншіледі

Қазақстан қысқы Паралимпиада тарихында тұңғыш рет алтын медаль еншіледі, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі.

1,5 километр шақырым қашықтықты құрайтын классикалық стильдегі спиринт кезеңінде қазақстандық шаңғышы Александр Колядин топ жарды. Бұл жетістікке жету үшін оған 4:19:7 уақыт жетті.

Осыдан екі күн бұрын басқа қазақстандық спортшы Александр Герлиц қола жүлдеге бір қадам жетпей қалып, 4-ші орынды қанағат тұтқан еді.

Еске сала кетейік, XII-ші қысқы Паралимпиада ойындары 18-ші наурыз күні мәреге жетеді.

Автор: Мұхтар Жәмішжанов