9699

Қазақстан - Латвия матчының билеттері онлайн сатылымға түсті

УЕФА Ұлттар Лигасындағы Қазақстан мен Латвия ұлттық құрамалары арасындағы кездесудің билеттері онлайн сатылымға шықты, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҚФФ ресми сайтына сілтеме жасап.

Ойын 15 қараша күні елордадағы «Астана Арена» стадионында өтеді. Басталуы - 21:00.

Билеттерді www.ticketon.kz сайтынан сатып алуға болады. Билет құны 500-3000 теңге аралығында.

Автор: Мұхтар Жәмішжанов