1581

Хабиб пен Конор айқасы PPV-сатылымдарының рекордын орнатты

Ирландиялық Конор МакГрегор мен ресейлік Хабиб Нурмагомедовтің жекпе-жегі өткен UFC 229 жарысында 2,4 миллионға жуық pay-per-view жазылымдары сатылған, деп хабарлайды MMA Fighting-қа сілтеме жасаған «SPORTINFORM» САА.

Бұл сатылымдар промоушен үшін рекордтық болды. Ақылы жазылым тек АҚШ аумағында сатылған, оның ең төменгі бағасы 90 АҚШ доллары еді. Екінші және үшінші орындарда МакГрегордың 2016 жылы Нэйт Диасқа қарсы жекпе-жектері (1,6 және 1,65 млн.) орналасқан.

Еске сала кетейік, 6 қазан күні Нурмагомедов UFC чемпиондық атағын қорғап шықты. Айқастың төртінші раундында Хабиб қылқындыру тәсілін қолданып, қарсыласын жеңді. Жекпе-жек аяқталған соң ресейлік спортшы октагоннан шығып кетіп, залда және жекпе-жек торында жаппай төбелес болды. Енді ол арнайы сот қарауынан кейін айыппұл төлеуі мүмкін.

Автор: Мұхтар Жәмішжанов