89

«Көктем жұлдыздары» республикалық турнирі өтті

15-16 мамыр күндері Қызылорда қаласындағы «Мұз айдыны» спорт кешенінде мәнерлеп сырғанаудан жасөспірімдер арасында «Көктем жұлдыздары» республикалық турнирі өтті.
Жарысқа Ақтөбе, Атырау, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарының спортшылары қысқа және еркін бағдарламаларда 1,2-разряд бойынша бақ сынасты.
Биыл екінші мәрте ұйымдастырылған республикалық турнирге 5-15 жас аралығында 50-ге жуық мәнерлеп сырғанаушы қатысты. Нәтижесінде Қызылорда облысының спортшылары 17 медальді иеленді.