1260

Кукушкин Вена турнирінің ширек финалына шықты

Қазақстанның бірінші, әлемнің 71-інші ракеткасы Михаил Кукушкин Вена турнирінің ширек финалына шықты.

М.Кукушкин жүлде қоры 2 млн АҚШ долларынан асатын аталмыш жарыстың екінші айналымында рейтингте 76-ыншы орындағы ресейлік Андрей Рублевпен кездесті. Біршама тартысты өткен матчта қазақстандық теннисші 7:6 (7:4), 6:4 есебімен ұтты.

Бәсеке 1 сағат 47 минутқа созылды. М.Кукушкин 4 брейк-пойнттың үшеуін пайдалана білсе, А.Рублев бұған қос брейкпен ғана жауап қайырды. Қазақстандық спортшы ресейлік қарсыласын осы турнирдің іріктеу сайысында да жеңген болатын. Кейін А.Рублев лаки-лузер ретінде негізгі жарысқа қайта қосылған-ды.

Михаил Кукушкин жартылай финалға шығу үшін әлемнің 40-ыншы ракеткасы, венгриялық Мартон Фучовичпен таласады.

Автор: Мұхтар Жәмішжанов