1468

Путинцева Кремль Кубогында қарсыласын тас-талқан етті

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Мәскеудегі турнирдің екінші айналымына өтті, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі.

Путинцева алғашқы кезеңде румыниялық Ирина Бегумен кездесіп, 6:2, 6:0 есебімен тізе бүктірді. Ал, матч небәрі 1 сағат 9 минутқа дейін созылды.

Енді отандасымыз айтылған кубоктың ширек финалына шығу үшін латвиялық Анастасия Севастовамен күш сынасады.

Автор: Мұхтар Жәмішжанов