1751

Шәрібаев VS Канчио. Супер жекпе-жектен бейнеүзік

Айдар Шәрібаев (7-1, 6 КО) АҚШ өкілі Эндрю Канчиомен (18-4-2, 14 КО) титулдық жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.

Индиода өткен айқаста боксшылар екінші жартылай жеңіл салмақтағы WBA InterContinental белдігі үшін күш сынасты. Жерлесіміз жекпе-жекті қарқынды бастады. Алайда үшінші, бесінші раундтарда нокдаунға түсіп қалды. Соңғы оныншы раундта төреші жекпе-жекті тоқтатып, Шәрібаевқа техникалық нокаут жариялады.
Бұл қазақстандық былғары қолғап шеберінің 58,967 килограмға дейінгі салмақ санатындағы дебюті әрі кәсіпқой бокстағы алғашқы жеңілісі болды. Бұған дейінгі 7 кездесудің барлығын да Айдар жеңіспен аяқтаған.