417

Сүйінші! Қазақстан қоржынына алғашқы медаль түсті

Қазақстандық фристайлшы Юлия Галышева еліміз қоржынына тұңғыш медальды салды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі.

Үздік алты спортшының арасында алғашқы болып жарыс жолына шыққан отандасымыз 77.40 ұпай жинады. Бұл нәтиже оған Олимпиаданың қола жүлдесін сыйлады.
Айта кетейік, Юлия Галышева финалдық кезеңнің бірінші бөлігінде өз тобында сәтті өнер көрсетіп, финалдық екінші кезеңге өткен болатын. Юлияға Пхёнчханда қазақстандық жанкүйерлер қолдау білдірді.
Фристайл. Могул, финал:
1. Перрин Лаффон, Франция 78.65
2. Жюстин Дюфур-Лапуант, Канада 78.56
3. Юлия Галышева, Қазақстан 77.40

Автор: Мұхтар Жәмішжанов