918

The Ring Головкинді Р4Р рейтингінен төмен сырғыта бастады

Беделді The Ring журналы салмақ санаттарынан тыс әлемнің үздік боксшылары рейтингісінің (pound-for-pound) жаңа нұсқасын жариялады.

Рейтингті Василий Ломаченко (11-1, 9 КО), Теренс Кроуфорд (34-0, 25 КО) пен Сауль «Канело» Альварес (50-1-2, 34 КО) бастап тұр. Төртінші орынға Александр Усик (16-0, 12 КО) көтерілді. Ал қазақстандық былғары қолғап шебері Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) төртіншіден бесінші орынға сырғыды.

Үздік ондықтың қалған мүшелері:

6. Наоя Иноуэ (17-0, 15 КО)

7. Майки Гарсия (39-0, 30 КО)

8. Срисакет Сор Рунгвисаи (47-4-1, 41 КО)

9. Эррол Спенс (24-0, 21 КО)

10. Донни Ньетес (41-1-5, 23 КО)

 

Автор: Мұхтар Жәмішжанов