293

«The Ring» журналының жаңартылған рейтингі: Головкин – Р4Р королі!

Бокс турасында жазатын атақты «The Ring» журналы өзінің ресми сайтында жаңартылған әлемнің үздік боксшыларының рейтингін жариялады, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі.

Рound-for-pound рейтингінде қазақстандық боксшы Геннадий Головкин көш бастап, ешкімге өз орнын берер емес. Ал, екінші сатыға американдық Теренс Кроуфорд жайғасса, үздік үштікті украиналық спортшы Василий Ломаченко қорытындылады.

«The Ring» журналы ұсынған ТОП-10 боксшы:

1. Геннадий Головкин (Қазақстан) - 37-0-1, 33 КО,

2. Теренс Кроуфорд (АҚШ) - 32-0-0, 32 КО,

3. Василий Ломаченко (Украина)- 10-1-0, 8 КО

4. Сауль Альварес (Мексика) - 49-1-2, 34 КО

5. Майки Гарсия (АҚШ) - 38-0-0,30 КО

6. Срисакет Сор Рунгвисаи (Таиланд) - 45-4-1,40 КО

7. Наоя Иноуэ (Жапония) - 15-0-0, 13 КО

8. Эррол Спенс (АҚШ)  - 23-0-0, 20 КО

9. Сергей Ковалев (Ресей) - 32-2-1, 28 КО

10. Гильермо Ригондо (Куба)- 17-1-0, 11КО

Естеріңізге сала кетейік, Геннадий Головкин 2017 жылдың қыркүйегінен бастап айтылған рейтингтің нөмірі бірінші боксшысы болып келеді.

Автор: Мұхтар Жәмішжанов