269

Уфаның телеарнасы Сейдахмет жайлы сюжет әзірледі

Башқұрстанның «Вся Уфа» телеарнасы кеше ғана жергілікті клубтың қатарына қосылған қазақстандық шабуылшы жайлы сюжет түсірді, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі.

Кеше жамбыл футболының түлегі «Уфа» командасымен ұзақ мерзімді келісімшартқа қол қойған еді. Айтылған трансфердің басы-қасында болған клубтың бас директоры Шамиль Газизов ойын былай білдірді.

«Еркебұланның қатарымызға қосылғанын қаладық. Алдағы уақытта ол шыңдала түсіп, командаға өз көмегін береді деп сенеміз. Осындай спортшыны тәрбиелеген барлық жанға рақметімді айтқым келеді», - деп сөзін қорытты.

Ал, өз кезегінде сөз алған Сейдахмет қуанышын жасыра алмады.

«Ресейдегі ең көңілді және ұйымшыл командаға келгеніме қуаныштымын. Бапкерлер штабы да, әріптестерім де мені өте жақсы қабылдады. Барлығына алғысымды білдіремін», - дейді «Уфа» клубының жаңа ойыншысы.

Естеріңізге сала кетейік, 18 жастағы Сейдахмет өткен маусымда «Тараз» футбол клубының намысын қорғады. ҚПЛ-да 15 ойын өткізіп, 1 гол соқты.   

Автор: Мұхтар Жәмішжанов