417

Жақында Елдос Сметов боз кілемге қайта оралады

Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Елдос Сметов 17-ші наурыз күні жарақатынан кейін үлкен жарысқа қайта оралады, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі.

Бұл туралы дзюдодан Қазақстан ерлер ұлттық құрамасының бас бапкері Айдын Смағұлов мәлімдеді.

«Екатеринбургте өтетін «Үлкен дулыға» турниріне 60 келіге дейінгі салмақта Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, Әлем чемпионы Елдос Сметов қатысады. Ол аяғындағы ауыр жарақатына байланысты көптеген жарысқа қатыспады. Биыл алғашқы турниріне қатысады», - деді бас бапкер.

  • Елдос Сметов IJF рейтингінде 32-ші орында тұр (1023).
  • Қазақстандық дзюдошы жаттығу кезінде ауыр жарақат алып, көптеген жарыстардан шет қалған еді.

Автор: Мұхтар Жәмішжанов