249

Жәнібек Әлімханұлының бапкері Халықаралық бокс даңқы залының лауреаты атанды

2019 жылы Халықаралық бокс даңқы залына қабылданатын боксшылар мен функционерлердің есімдері аталды.

Замандастар арасындағы лауреаттар - екі дивизионда әлем чемпионы Дональд «Lone Star Cobra» Карри (34-6, 25 КО), Джулиан «The Hawk» Джексон (55-6, 49 КО) және танымал жаттықтырушы, соның ішінде қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлының (4-0, 1 КО) бапкері Джеймс «Бадди» Макгирт (73-6-1, 48 КО) бар.

IBHOF-қа «Олдскул» боксшыларының категориясында жартылай орта салмақтағы чемпион Тони Демарко (58-12-1, 33 КО) қабылданады. Олардан басқа, Халықаралық бокс даңқы залында матчмейкер-промоутер Дон Элбаум, рефери-төреші Гай Джатрас, публицист Ли Сэмьюэлс және телекомментатор Тедди Атлас үшін де орын табылған.

Сондай-ақ IBHOF-қа қайтыс болған журналист Марио Ривера Мартиноның есімі жазылды.

Халықаралық бокс даңқы залына жаңа мүшелерді қабылдаудың жыл сайынғы салтанатты шаралары 6-9 маусым күндері аралығында Нью-Йорк штатының (АҚШ) Канастота елді мекенінде өтеді. 

 

Автор: Мұхтар Жәмішжанов